Оқи отырыңыз
Тамара Дүйсенова Қазақстан Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақордаға дерегіне сүйеніп хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенованы премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындады.
Фото: gov.kz