Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде баспасөз мәслихаты өтті. Онда балабақшаларға QR-кодтарды енгізу тақырыбы бойынша атқарылып жатқан істер баяндалды.
Алғашқы болып сөз алған облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі білім бөлімінің басшысы Жұлдыз Мырзаханова бүлдіршіндерді мектепалды біліммен қамтамасыз ету, оларға жағдай жасау басты міндет екенін айта келе, аталған сала бойынша жалпы мәліметке тоқталды.
– ҚР Президентінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №24-5156 тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды дербестендірілген (ваучерлік) қаржыландыру жобасын енгізуге дайындық жұмыстары аясында, Талдықорған қаласы бойынша 16 мемлекеттік, 48 жекеменшік балабақшада тәрбиеленушілердің баруын есепке алу және электронды табельдеу (QR кодтар, тұлғаларды тану) бағдарламалық жүйелерімен қамтамасыз етілген, – деген Маржан Жанарханқызы, өз кезегінде білім беру мекемелерінде QR-код және Face ID технологияларын пайдалану арқылы қатысуды есепке алу жүйесін енгізу білім беру саласындағы процестердің дәлдігі мен ашықтығын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі – балаларды суретке түсіру міндетті емес, өйткені негізгі құрал QR кодын сканерлеу жүзеге асады.
Ал өз кезегінде сөз алған мектепке дейінгі балалар ұйымдарында контингентті есепке алуды енгізу жөніндегі жобаның басшысы Арман Шағатов «E-zhetysu» жүйесі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті сынақтардан және тиісті рәсімдерден өткенін, жалпы жобаның тиімділігі мен маңызына тоқталды.
Айша ӘСКЕРБЕК
І. Жансүгіров атындағы ЖУ-дің 3-курс білімгері
Фото:zhalagash-zharshysy.kz