Ардагерлер шеберлік сынасты

Уақыты: 09.08.2018
Оқылды: 1292
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Облыстық ардагерлер ұйымы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облысымызда бильярдтан, шахматтан, дойбыдан, тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында жарыстар өткізуді дәстүрге айналдырған. 

Облыстық ардагерлер ұйымы «Нұр Отан» партиясы облыстық  филиалымен бірлесіп Талдықорғанда дойбыдан, шахматтан облыстық біріншілік өткізді. 
Жарысты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт ашты. 
Екі күнге ұласқан жарыс өте тартысты өтті. Шахматтан мүмкін болған 7 ұпайдан 6 ұпай жинаған Талдықорған қаласының тұрғыны Ким Валерий бірінші орынға ие болды. Жеңімпазға  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы атынан І дәрежелі диплом мен құнды сувенир берілді. Екінші орынды  Қапшағай қаласының шахматшысы Төлеуғазы  Кәріпбаев иеленді. Ал үшінші орынды Еңбекшіқазақ ауданының спортшысы Василий Георгиевич Руминидий алды. 
Дойбыдан өткен сайыста бірінші орынға  Жамбыл ауданының тұрғыны Шәріпбек Уағызұлы ие болды. Екінші орынды Қарасай ауданының азаматы  Геннадий Пак, үшінші орынды Сарқан ауданынан келген  Дәуренбек Уанов иеленді.      
Жарыс болған соң жеңімпаздары да, жеңіліс тапқандары да болады. Ал бұл жарыста жеңілген ешкім болған жоқ. Бәрі жеңіспен қайтты. 
                   

Шырақбай ЖЫЛҚАЙДАРОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің 
зейнеткерлердің мәдени тұрмыстық, денсаулығын сақтау жұмыстарын ұйымдастыру
және қадағалау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы