БҮГІН КҮН КҮРТ СУЫТЫП, ҚАР ТҮСТІ

Уақыты: 01.11.2018
Оқылды: 1271
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін және ертең Алматы облысында күн күрт суып, қар түседі. Сондай-ақ, қатты жел тұрып, көктайғақ болады деп болжануда. Бұл туралы "Қазгидромед" орталығы хабарлады. Әсіресе, солтүстік-батыстан және батыстан бет қаратпайтын боран соғып, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстан облыстарына жылжыған атмосфералық фронттар жауын-шашын тудырады. Алдағы уақытта фронттар республика аумағы арқылы шығысқа жылжи отырып, қардың жаууын, боран, көктайғақ, қатты батыс және солтүстік-батыс желін тудырады. Алматы облысында арты қарға айналатын жаңбыр жауады. Ал таулы және тау бөктері аудандарында жауын-шашын екі күнге жалғасады. Күннің күрт сууы Қазақстанның барлық аумағына тән.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"