Жүлдегер атанды

Уақыты: 05.11.2018
Оқылды: 976
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру  мақсатында елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы әзірленгені баршамызға аян. Осыған орай «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру ұлттық порталында үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер  ұйымдастырылды.  
Бірыңғай ақпараттық білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ жыл сайын «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбымен мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауын өткізуде. Байқау екі кезеңнен тұрады. Облыстық деңгейде жүлде алған бейне-сабақтар республикалық конкурсқа жолдама алады. Осыған орай «Алматы облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар бағыты бойынша  қызмет етіп жүрген әдіскерлер мен тәрбиешілер ұйымдастырған байқау мәресіне жетті. 
Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауына барлық аудан белсене қатысты. Бейне-сабақтарға өткізуге қойылатын талап өте жоғары.  Жұмыстарды іріктеген  сарапшылар тобы төмендегідей қорытындыға келді. Мұнда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әдіскерлері» аталымы бойынша бірінші орын Талдықорған қаласындағы №42 балабақшасының тәрбиешісі З. Нусиповаға, екінші орын  Іле ауданындағы «Қуат» балабақшасының әдіскері А. Рақишоваға, үшінші орын Ғ. Жақыповаға бұйырды.  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілері» аталымы бойынша байқауда  жүлделі бірінші орын Талдықорған қаласы №42 балабақшасының маманы Г. Төркінбековаға, екінші орын осы балабақшаның тәрбиешісі Е. Боднарға және  үшінші орын да аталмыш балабақшаның  бала бағбаны Г. Шыныбековаға бұйырды. Әріптестері жүлделі орын алған әдіскерлер мен тәрбиешілерді, байқауға қатысушыларды шын жүректен құттықтап, республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінуге тілек білдірді. Сондай-ақ , Қарасай ауданына қарасты Шамалған және Алмалыбақ орта мектептерінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері С. Отнасова,       Х. Мастықбаева, Г. Жыланкөзоваларға семинарға белсене қатысқаны үшін алғыс айтып, еңбектеріне жетістік тілейміз.

Аманғали МҰХТАРОВ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі
 Анар ҚАЙРОЛДАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Алматы облысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының педагог-психологі