АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АУЫСТЫ

Уақыты: 06.02.2019
Оқылды: 983
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәурен Бахтұрұлы ЖОЛЖАНОВ облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. Дәурен Бахтұрұлы 1970 жылы туған. Алматы сәулет құрылысы институтын, Халықаралық Бизнес академиясын құрылыс инженері, менеджмент мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын СМУ-40 «Алматыпромстрой» тресінің күрделі құрылыс шебері болып бастаған. Әр жылдарда Алматы қаласындағы құрылыс саласы мекемелерінде түрлі лауазымдарды атқарды. Кейін Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, үлестік қатысу бөлімінің бастығы, бюджеттік және коммерциялық құрылыс нысандарын сәулет-құрылыстық бақылау бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс корпорациясы» АҚ менеджері, «Алматы аймақтық өкілдігі» АҚ бас инженердің орынбасары, «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директорының орынбасары, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының күрделі құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, осы басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бастау» МКК «Шығыс» учаскесінің бастығы, Алматы қаласындағы «Артемида» ЖШС архитекторы, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болған.

2018 жылдың қазанынан – облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"