ТАҒЫ ДА БАЛА ӨЛІМІ: АНАСЫ ТҮНІМЕН КӨЛІК ЖУҒАН

Уақыты: 26.02.2019
Оқылды: 1490
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

 

Шара облыстық төтен­ше жағдайлар депар­та­мен­ті бастығының орын­басары Серікхан Тұ­ра­ров­тың сөзімен бастау ал­ды.

– Ақпанның 15-не қараған түні ыстан үш адам қаза тапты. Марқұм бол­ғандардың қатарында 1947, 1960 жылғы ересек және 2015 жылы туған бала бар. Сонымен қатар, 2011 жылғы бір бала ау­ру­ха­наға жеткізілді. Пәтер жал­дап тұратын от­басында­ғы екі баланың анасы қайғылы оқиға кезінде көлік жуу орнында түнгі кезекшілікте болған. Апат болған үйдің иесіне бұрын пештің стандартқа сай салынбауына байланысты ескерту айтылып, түсіндіру жұ­мыстары жүргізілген, – дей келе, ол бұған дейін де арнайы рейд өткізіліп, 70 мыңнан астам тұрғынға ескерту жасалғанын, улы газдан болатын қатердің алдын алу мақсатында ыстан сақ­тайтын құрылғыларды жағдайы төмен отбасыларына тегін орнату жұмыстары жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.

Осыдан кейін облыс әкімі баспасөз қызметінің же­­текшісі Ғалымұрат Жү­кел: «Облыс әкімдігі атынан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Оларға  психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі», – деді.

Шара барысында ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Александр Пархоменко  және Талдықорған қаласы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «104» авариялық газ қызметінің   бас инженері Самат Отыншиев қыс маусымындағы қауіпсіздік шаралары жайлы баяндама жасады.

Жиын соңында төтенше жағдайлар департаменті өкілдері журналистердің сауалдарына жауап беріп, от жағу маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап жүруді қатаң ескертті.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы