АЛАКӨЛГЕ ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ 10 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАЛАДЫ

Уақыты: 15.03.2019
Оқылды: 1077
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алдағы жазда Алакөл жағалауында «Кoкtem Grand Resorts» атты бес қабатты, бес жұлдызды қонақүй ашылады. 450 орынға арналған кешен алдын ала броньдауды іске қосты. Ғимаратта 102 нөмір бар, оның 97-сі стандартты, төртеуі люкс, біреуі президенттік люкс. Ол қолданысқа берілсе, сексен адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

 

«Қонақүй маңында жазғы террасасы бар кафе, балалар алаңқайы, спорт алаңдары да ашыл­мақ. Жайлы нө­мір­лер мен жақсы сервис­ қонақтардың кө­ңі­лінен шығатынына сенім артамыз», – дей­ді қонақүй кешенінің бас­қарушы директоры Ал­мажан Бақтұразова.
Об­лыстық туризм басқар­масының жетекшісі Жанар Алшымбаева Алакөл көлі жағалауындағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша әртүрлі шара қолданылып жатқанын айтады.
Биыл көл жанындағы Ақши ауылында шағын базар ашылып, қонақүйлерде кәдесыйлар сатылмақ. Бөлшек сауда нүктелерін құру мақсатында Алакөл ауданының басшылығы уақытша нысандардың құ­рылысы басталатын жер телімін қарастырған. 
Бұл сауда орындары кәсіпкерлерге ұсынылады. Қонақтарды орналастыру жерлерінде кәдесыйлар сатылатын болады. Осыған дейін кәдесыйларды кәсіби өндіретін бір компаниямен келісім де жасалынған.
Айта кетейік, биыл Ас­тана – Үшарал, Үш­арал –  Алматы ба­­­ғыты бойынша ұшақ­­тар алты ай бойы апта­сына 4 рет ұша­ды. Би­лет құны – 16 000 теңге. Алматы – Үшарал – Алматы ба­ғыты бойынша рейс ал­ты ай бойы аптасына 6 рет бола­ды. Құны – 10 000 теңге. Рейстерді Scat авиакомпаниясы жүзе­ге асыр­мақ. Биыл Тал­ды­қорған – Үшарал – Тал­дықорған (билеттің жос­пар­ланған құны – 12 000 теңге), Алматы – Үш­арал – Алматы (билет­тің жоспарланған құны – 18 000 теңге) бағы­ты бойынша рейстерді «Жетісу» авиакомпаниясы аптасына үш рет жүзеге асырады.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ