ШАРЫН ШАТҚАЛЫНА АСПАЛЫ КӨПІРЛЕР САЛЫНАДЫ

Уақыты: 17.03.2019
Оқылды: 1157
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Шарын шатқалында туристік қызмет жанданады. Әлемге әйгілі шатқал қойнауында заманауи ойын-сауық саябағы бой көтереді. Сонымен бірге, үш аспалы көпір салынып, туристердің санын еселеп арттыру көзделіп отыр.

Бұл туралы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Қуаныш Ожаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Кеген ауданында орналасқан Жетісудың жауһары бұрын-соңды болмаған, әлемдік стандарқа сай «Park Canyon» ойын-сауық саябағымен толықпақ. Көпті қуантқан нысанның құрылысы биыл басталады. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 24 гектар жер телімі бөлініп қойды.

Әлеуметтік желіде Шарын шатқалындағы құрылыс жайлы түрлі пікір айтылуда. Көпшілігі қуанышын жасыра алмай, ақжолтай жаңалықты ары қарай бөлісіп жатыр. Әсіресе, үш аспалы көпірдің салынатыны жайлы көбірек талқылануда. Шатқалдағы ерекше өткелдердің ұзындығы 200 метр болса, биіктігі 80 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, 40 орынға арналған қонақүй салу жоспары да бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"