МӘҢГІ ЕСТЕ ҚАЛУЫ КЕРЕК

Уақыты: 21.03.2019
Оқылды: 993
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз мәңгі есте қалуы керек. Осыны ескере отырып, елордада монументтер орнатылды. Конституциямызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет салуға қосқан үлесін атап көрсетуді ұсынамын", - деді халық қалаулысы Қуаныш Сұлтанов.

Сондай-ақ, депутат өз сөзінде: "Елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамын. Біздің мақсатымыз - Елбасының жанында ынтымақта өмір сүріп, Мәңгілік Елдің құндылықтарын сақтай отырып, соның барлығын ұрпақтарымызға қалдыру. Бізде тәуелсіз Қазақстан бар. Тәуелсіздік - біздің басты мақсатымыз және солай болып қала бермек», - деді.

Біз депутат Қуаныш Сұлтановтың осы ұсынысын қолдаймыз және Талдықорған қаласы орталық көшелерінің біріне Елбасының аты берілуін құп көреміз.

Жапарқұл ТАСҚЫН,

«Тасқын» шаруа қожалығының басшысы