ШЫҒЫСТАН ТУҒАН ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ

Уақыты: 21.03.2019
Оқылды: 1329
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Астана - Шығыстан туған жарық жұлдыз, әлем шаһары. Әртүрлі мәдениет пен ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп отырған арман қала. Сұлулығында шек жоқ, сипаттауға сөз жетпейді.

2012 жылы Түркі әлемінің мәдени бас қаласы ретінде танылып, республика көлеміндегі, халықаралық деңгейдегі жиындар осы тоғыз жолдың торабында өтті. Батыс пен Шығыс түйіскен сайын дала төсінде көпжақты саяси және экономикалық қарым-қатынас орнатып, мәдени-әлеуметтік ынтымақтастықты тоғыстырды. Елбасының қолынан шыққан туынды, айбыны асқақ Астана Мәңгілік Ел болу жолында нық қадам басып, болашаққа бет алды.

Елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарда көрсету ұсынысы халықтың пікіріне сүйеніп айтылады. Мен бұл идеяны қолдаймын, өйткені, Астана - еліміздің басты нышаны. Мұнда шетелдіктер келгенде біз үйренісіп қалған нәрселерге таңданысын білдіріп жатады. Жазық далада қала салуды елестетіп көріңіздерші. Оның үстіне, бұл қала досқа да, туысқа да ұялмай көрсететіндей керемет қала. Сондықтан, бұл бастаманы Парламенттегілер халық пікіріне сүйене отырып іске асыруды қолға алды деп есептеймін.

Серік СМАЙЫЛОВ,

"Адал" ЖШС директоры