АЛАКӨЛДЕГІ ЖАРЫЛЫС: БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 11.04.2019
Оқылды: 1270
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды. Бұл жайлы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«10 сәуірде сағат 15:00 шамасында Алматы облысы, Үшарал қаласында Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің аумағында автоцистерна сорғышына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Соның салдарынан Алакөл аудандық ауруханасына түрлі жарақат алған 8 жұмыскер жеткізілді. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды», - делінген ҚР ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазіргі таңда жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"