ТАҒАЙЫНДАУ: ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫСТЫ

Уақыты: 12.04.2019
Оқылды: 1987
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қалалық әкімдігінде ауыс-түйіс: Алматы облысының орталығына жаңа әкім тағайындалды. Алматы облысы әкімінің өкімімен есімі Жетісу жұртшылығына жақсы таныс Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ енді Талдықорған қаласының әкімі лауазымын атқарады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Туран" университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы "Шығыс" колхозында құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.

1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, "Алрай" шаруа қожалығының төрағасы, "Альтаир" ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры; 1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры;

2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары;

2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы; 

2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы; 

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары;

2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы; 

2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың 12 сәуірінен бастап Талдықорған қаласының әкімі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"