ҒАШЫҚТАР КҮНІ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА МАХАББАТ ОРЫНДЫҒЫ ОРНАТЫЛДЫ

Уақыты: 15.04.2019
Оқылды: 1902
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін, яғни, 15 сәуір - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні. Қазақстанда тойланатын Ғашықтар күніне орай Талдықорған қаласында "Менің отбасым" атты кіші архитектуралық форма орнатылды.

Жаңа нысанның мағынасы терең. Мұнда бейнеленген ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Архитектуралық нысанда бұдан бөлек, шаңырақ, ата-ана, жүрек, Жетісу мен Эйфель мұнаралары бейнеленген. Жаңа нысан Алматы облыстық Журналистер үйінің ауласында орнатылған. Қол ұстасқан ғашықтарға, ерлі-зайыптыларға естелік суретке түсу үшін таптырмас орынның бірі саналады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"