Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КЕЛДІ

Уақыты: 02.05.2019
Оқылды: 951
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли "Facebook" парақшасына. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатыспақ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"