АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫС-ТҮЙІС: ҚАЗІРШЕ МІНДЕТІН АТҚАРАДЫ

Уақыты: 24.05.2019
Оқылды: 912
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы №436-жқ бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып келген Төлеген Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қаржы жүйесінде тәжірибесі мол Төлеген Қапсалықұлы еңбек жолын 1993 жылдан бастады. Алғашында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті басқармасында қызмет етті.

Кейін Алматы қаласының Түрксіб және Бостандық аудандары бойынша салық комитеттерінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша салық департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдар аралығында Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) облысында әкім орынбасары қызметін атқарған.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ