ТАЛДЫҚОРҒАН: ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Уақыты: 28.05.2019
Оқылды: 1030
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйді жылумен жабдықтау желілерінің құрылысын жан-жақты сараптап шықты.

Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша бөлімде келесі заңбұзушылықтар анықталды: Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 238,243-тармақтарын бұза отырып, бөліммен "Талдықорған қаласының Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы" объектісі бойынша орындалмаған жұмыстар үшін 1 163,8 мың теңге төлем жүргізілген.

Аталған сома аудит жүргізу барысында мердігер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау арқылы қалпына келтірілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"