АҚТӨБЕДЕ ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛІ АШЫЛДЫ

Уақыты: 29.05.2019
Оқылды: 1226
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ақтөбе қаласының күні аясында Ш.Берсиев көшесіндегі жерасты өткелі салтанатты жағдайда ашылды.

Бұл нысанды «TransMostGroup» ЖШС басшысы Төлеген Таңатаров қаланың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында және "Туған жерге тағзым" акциясының шеңберінде тарту етті.

Жер асты өткелінің құрылысын жүргізуге көше қиылысындағы жол-көлік оқиғаларын қысқарту мақсаты себеп болғанын айтады мамандар. Сонымен қатар, жаңа нысан қала тұрғындарының, әсіресе, көше арқылы №8 мектепке баратын балалардың өмірін сақтауды қамтамасыз етуді көздейді.

Көпшілікке таныстырылған жаңа нысанның ұзындығы 23 метрді құраса, ені – 2,5 метр. Жерасты өткеліне тас төсеуіштер (брусчастка) төселген. Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін мұнда бейнекамералар орнатылатын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"