АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 06.06.2019
Оқылды: 1138
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Облыс әкімі Амандық Баталов актив жиынында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы Қайрат Баймұхамбетовті таныстырды.

Қайрат Қажыманұлы 1964 жылдың 16 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін гигиенист-эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша тәмамдаған. Шығыс Қазақстан аумақтық университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтап, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтында біліктілігін көтерген. Республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында 28 жылдай еңбек етіп келеді. Жұмыс барысында Күршім ауданында лаборатория меңгерушісі, санитарлық дәрігер, бөлім меңгерушісі, Глубокое ауданының санитария саласында басқарма басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

Кейіннен Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Ақмола облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы, Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

Департаменттің жаңа басшысы «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар, «ҚР Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «ҚР Конституциясына – 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл» медальдарының иегері.

Темірлан АЙТБАЕВ