САЙЛАУ КҮНІ АВТОБУСТАР ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Уақыты: 07.06.2019
Оқылды: 1169
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандық тұрғындар мен қалаға келген қонақтар 9 маусым күні автобустарда тегін жүреді. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімдігі "Facebook" парақшасында мәлімдеді.

Аталған игі шара Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін күнге орай ұйымдастырылып отыр. "Талдықорған қаласының жолаушы тасымалдаушы жеті компаниясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына орай 2019 жылдың 9 маусымында барлық жолаушыларды күні бойы тегін тасымалдайтынын мәлімдейді", - делінген хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"