ТІЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРГЕН ТІЛШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 18.06.2019
Оқылды: 2251
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған "Мемлекеттік тіл және БАҚ" байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Бұл туралы Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы "Facebook" парақшасында жазды.

Байқаудың бас жүлдесіне ие болғандар - Атсалим Идигов ("Огни Алатау" газетінің бас редакторы), Құрманжан Қасымжан және облыстық "Жетісу" газетінің журналисі Еңлік Кенебаева. Ал І орын Камшат Мұхамеджан, Айжан Жайлаубаева, Зейнегүл Жұмабекке бұйырды. ІІ орынға Ардақ Қысаев, Гүлжан Тұрсын, Хайролла Ахметжанов ие болды.

Фототілші Жұмабай Мұсабеков, оператор Қуаныш Түргенбаев, Данагүл Мәкендер ІІІ орынды еншілесе, Сырғабала Медетбекова, Аслан Қажеке, Мәулен Әнербай, Меруерт Молдағалиева, Қаракөз Садықова, Бақтығали Даутбаев ынталандыру және арнайы жүлделермен марапатталды.

Айта кетейік, "Жетісу" газетінен мемлекеттік тілді насихаттаушы жүлдегерлердің санатында алты қызметкер бар. Барлық әріптестерімізді жүлдесімен құттықтаймыз. Мемлекеттік тіліміз мәңгі жасасын! Тілге тек сөзбен емес, іспен үлес қосатындардың санаты көбейсін дейміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Фото - Жұмабай МҰСАБЕКОВ