TAZA QAZAQSTAN: ТАЛДЫҚОРҒАНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Уақыты: 28.07.2019
Оқылды: 2182
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда «Birge. TazaQazaqstan» республикалық акциясы аясында облыс пен қала басшылары бастаған мемлекеттік қызметкерлер және қала тұрғындары жаппай сенбілікке шықты.


Қаратал өзені жағалауынан бастау алған акцияны қолдау мақсатында ұйымдастырылған шарада сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов: - Бәріміз білетіндей экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың бастамасымен #Birge #TazaQazaqstan акциясы еліміздің әр түкпірінде өтуде. Осы тұрғыда Жетісу жұртшылығы да белсенділік танытып отыр. Талдықорғандықтар өз қаласының тазалығы үшін жұмыс істеп келеді және оны ары қарай жалғастыра бермек. Бүгінгі ауқымды сенбілікке келгендерге үлкен алғыс айтамын,- деді.

Жалпы сенбілікке үш мың адам жиналды. Олар шаһар шеңберіне тиесілі Қаратал, Балықты өзендерінің жағалауын, сондай-ақ Жеңіс, Ардагерлер саябағымен қатар қала көшелеріне тазалық жұмысын жүргізді. Жоспардағы 32 нүкте, жалпы 20 шақырым жер тазаланды. Сенбілікте 13 техника жұмыс істеді. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ".