КӨЛІГІҢДІ ОНЛАЙН ТІРКЕ ДЕ, ОЛЖАҒА КЕНЕЛ

Уақыты: 01.08.2019
Оқылды: 889
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көліктерін egov.kz порталы арқылы онлайн тәсілмен тіркеген азаматтар арасында ұтыс өткізеді. Оған көліктерін тамыздың 1-і мен 31- аралығында тіркегендер қатыса алады.

Бүгіннен бастап жаңа көлік алып, өз атына онлайн тіркеген қазақстандықтар «Көлігіңді онлайн тіркеп, жаңа дөңгелек ұтып ал» ұтыс ойынына қатысып, бірнеше сыйлықтың иегері атана алады. Бұл шара көлікті қайта тіркеу мемлекеттік қызметінің электронды форматта алу үрдісін танымал етіп, халықты қызметтерді онлайн алуға ынталандыру үшін жүргізіліп отыр.

Ұтысқа қатысушылардың тізімі жеке сәйкестендіру нөмірлерінен тұрады, жеңімпаздар кездейсоқ таңдау бойынша анықталатын болады. Ұтыс 1 қыркүйек күні сағат 15.00-де мемлекеттік корпорацияның инстаграмдағы @gov4c.kz парақшасында жүргізіледі.

Байқау жеңімпазына жаңа дөңгелектерді алуға мүмкіндік беретін сертификат табысталады, жеңімпаз оларды қалауынша көлігінің маркасына сай таңдайды. Одан бөлек, ынталандыру сыйлықтары да ойнатылады. Ұтысқа қатысушылар сақтандыру полисін, көлік жуу орталығына абонемент, бейнетіркеуіш, май ауыстыру, толық бак жанармай ұтып ала алады.

Айта кетейік, автокөлікті қайта тіркеу үшін көлік иелерінің электронды цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Жыл басынан бері елімізде 26 мың көлік онлайн тәсілмен рәсімделген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"