"БІРДЕН ТОРҒА КІРГІЗДІМ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БИЛЬЯРД ОЙНАДЫ

Уақыты: 12.09.2019
Оқылды: 788
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Талдықорғанда орыс бильярды бойынша республикалық турнир басталды. Жарыс Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін өтуде. Бұл туралы облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ өзінің "Facebook" парақшасына жазды.

"Бильярд - жақсы ойын. Бұрындары өзім де ойнап, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп тұрдым", - деп жазған аймақ басшысы Алматы қаласының чемпионы атанғанын, бірақ уақыттың тапшылығына байланысты көп ойнамай жүргенін айтты.

"Бүгінгі кездесуде алғашқы соққы жасау құрметіне ие болып, шарды бірден торға кіргіздім. Қанша айтқаныммен бапкерім, бильярдтан әлем чемпионы болған Виктор Зайцевпен бірге шыңдалған техника мен бап сақталып қалыпты", - дейді облыс әкімі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"