Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: ЖАҢА ӘКІМ ҮШ МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРГЕН

Уақыты: 17.09.2019
Оқылды: 189

Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұржан Құдайбергенов Райымбек ауданының әкімі болып тағайындалды.

Нұржан Кеңесұлы 1963 жылы туған. Алматы архитектура-құрылыс институтын архитектор, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Шымкент қаласындағы Қазақ фосфор өндірісі ғылыми-зерттеу институтының сәулет-құрылыс бөлімінің инженері болып бастап, кейін бірқатар сәулет-құрылыс ұйымдарында жұмыс істеді.

Әр жылдары Алматы облысының архитектура және құрылыс басқармасының Іле аудандық штатының бас маман-бас сәулетшісі, «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығы, Текелі қаласы әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдың қыркүйек айынан Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімінің өкімімен Жолан Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Райымбек ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"