Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ШАМАЛҒАНДАҒЫ АПАТ: ТЕМІРЖОЛ ҮСТІНЕН АСПАЛЫ КӨПІР САЛЫНАДЫ

Уақыты: 17.09.2019
Оқылды: 155

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасына сәйкес, облыс басшысының орынбасары Бағдат Манзоров бастаған салалық басқарма өкілдері Шамалған стансысы тұрғындарымен жүздесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел "Facebook" парақшасына жазды.

Жиын барысында теміржол өткеліне аспалы көпір салу мәселесі талқыланды. Бұл жұмысты республикалық бюджет есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Қазір мамандар жаңа көпір орнын анықтау үстінде.

Өз кезегінде Алматы облысы тарапынан да осы өткел тұсынан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салынбақ. Амандық Баталов бұл жұмысты тез арада жүзеге асырып, келер жылы күзде көпірді қолданысқа беруді тапсырды. Нысанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт қарастырылған. Қазір нысанның жобасы жасалып жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды