"КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР": КОНЦЕРТТЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҮЙ БЕРІЛЕДІ

Уақыты: 18.09.2019
Оқылды: 1627
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін 2019 жылдың 18 қыркүйегі күні 18.00-де Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында тұңғыш рет Алматы облыстық мәдениет маусымының ашылу салтанаты өтеді.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев барша жетісулықтар мен қала қонақтарын тамаша кештің куәсі болуға шақырады.

Құрметті талдықорғандықтар және қала қонақтары! Сіздерді қаламызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараның куәгері болуға шақырамыз. Шараға Бикен Римова атындағы облыстық драма театры әртістері, Сүйінбай атындағы облыстық филармония мен «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, «Құлансаз» фольклорлы этнографиялық ансамблінің әншілерінің жаңа құрамдары және басқа да өнер ұжымдары қатысады.

Шара барысында облысымыздағы мәдениет саласы қызметкерлері, ақын-жазушылар мен облыстық бұқаралық ақпарат басшылары, облыстық және аудандық асабалар мен мейрамхана музыканттары, қалалық газеттердің бас редакторлары, қызметкерлері мен 7kun.kz сайты атынан 4 үй Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, аудандары мен Текелі қаласында тұратын көпбалалы аналарға тапсырылатын болады.

Келіңіздер, көріңіздер, мәдени кештің куәсі болыңыздар!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"