АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АБАЙ ОҚУЛАРЫ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 20.09.2019
Оқылды: 1471
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы басталды.

Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына орай жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінді оқиды. Екінші кезеңде Ілияс Жансүгіров пен Сәбит Дөнентаевтың 125, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдықтарына орай ақындардың поэзиясынан үзінді оқу шарты бар. Жүзден жүйріктердің қорытындысы бүгін шығады.

Гүлжан ТҰРСЫН

Талдықорған қаласы