АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: БАҒДАТ МӘНІЗОРОВ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҚТЫ

Уақыты: 08.10.2019
Оқылды: 976
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров денсаулығына байланысты демалысқа шықты. Бұл туралы "Tengrinews.kz" тілшісі жазды.

Сайттың редакция сауалхатына Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі жауап берген. Онда: "Мәнізоров 30 қыркүйектен бастап денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шықты", - делінген.

Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны қыркүйектің соңында белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Шенеунікке қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Мәнізоровтың әріптестерінің айтуынша, ол әкім орынбасары болып жазда тағайындалған және осы уақыт аралығында ол өзін адал қызметкер және білікті басшы ретінде көрсете білген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды