ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ: ДӘУРЕН АБАЕВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 08.10.2019
Оқылды: 772
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Qazaq kuresi ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл жайында "SN.KZ" "КТК" телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жылдық есеп беру конференциясында Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев тізгінді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа ұсынатынын хабарлады.

- Менің Qazaq kuresi федерациясына басшы болып келгеніме 6 жыл толып отыр. Біздің кезекті есеп беру конференциямызда Дәурен Әскербекұлы Абаев Qazaq kuresi ұлттық федерациясының президенті болып сайланды. Дәурен Абаевтың Ақпарат және қоғамдық даму министрі бола отырып, ал оған дейін Елбасы баспасөз қызметінде жұмыс істей жүріп, біздің жобаларымызды іске асыруға көп көмегі тиген, - деді федерацияның бұрынғы басшысы Арман Шораев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"