ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨНЕРТАПҚЫШТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 07.11.2019
Оқылды: 1262
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Талдықорған қаласында облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйытқы болуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың республикалық байқауы өтті.

Жаңа технологиялар – көптеген жаһандық проблемалардың шешімін табу жолы. Бұл саланы жақсы меңгеру – бір қадам алдыда жүру деген сөз. Еліміз ғылыми-техникалық тұрғыдан сауатты, табысты, дербес шешім қабылдауға мүмкіндігі бар жастарды тәрбиелеуде басымдық танытуда. Осыған орай Республика деңгейінде ұйымдастырылып отырған байқау еліміздің әр өңіріндегі ғылым мен технологияның даму деңгейін  бағалауға мүмкіндік берді.

Жарысқа еліміздің барлық облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласынан 160 жас өнертапқыш қатысты. Олар техникалық-құрастырушылық саласындағы өздері жасаған көлік құралдарының, әскери, ғарыштық техниканың, ракета құрастырудың қолданыстағы модельдерінің жобаларын қорғады.

Байқау қорытындысы төмендегідей:

«Әскери техника саласындағы техникалық жобалау» номинациясы бойынша:

ІІІ дәрежелі диплом –  Амраева Әнел, Қызылорда облысы.

ІІ дәрежелі диплом– Заманбек Айбек, ШҚО.

І дәрежелі диплом – Елемес Ақбота, Алматы облысы.

«Су көлігі саласындағы техникалық жобалау» номинациясы бойынша:

ІІІ дәрежелі диплом – Ұзақбай Диас, Қызылорда облысы.

ІІ дәрежелі диплом – Новиков Вадим, Алматы облысы.

І дәрежелі диплом – Дауылбеков Ескендір, Нұр-Сұлтан қаласы.

«Құрылыс саласындағы жобалар» номинациясы бойынша:

ІІІ дәрежелі диплом – Нұрболат Руслан, Ақмола облысы.

ІІ дәрежелі диплом– Жақсылықова Жансая,Қызылорда облысы.

І дәрежелі диплом –Жетпісұлы Әділхан, Қарағанды облысы.

«Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергияны дамыту саласындағы жобалар» номинациясы бойынша:

ІІІ дәрежелі диплом –Кочетков Владислав, Павлодар облысы.

ІІ дәрежелі диплом – Бөрібек  Мухамеджан, Түркістан облысы.

І дәрежелі диплом – Мейрамбеков Саятбек, ШҚО.

«Авиация саласындағы жобалар» номинациясы бойынша:

ІІІ дәрежелі диплом –Алиев Николай, Жамбыл облысы.

ІІ дәрежелі диплом –Ковалев Александр, СҚО.

І дәрежелі диплом –Именов Денис, Алматы облысы.

«Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар» номинациясы бойынша:

ІІІ дәрежелі диплом– Сейтмухамед Бекарыс,Түркістан облысы.

ІІ дәрежелі диплом – Амангельдиев Асанали, ШҚО.

І дәрежелі диплом –Большебратский Вадим, СҚО.

Жалпы командалық есеп бойынша:

ІІІ дәрежелі диплом – Алматы облысының командасы.

ІІ дәрежелі диплом – Түркістан облысының командасы.

І дәрежелі диплом – Шығыс Қазақстан облысының командасы.

Келесідей номинациялар бойынша:

«Инновациялық  жаңа серпіліс»  – Кузнецов Ярослав, БҚО.

«Алтын қол»– Орынбасаров Ернұр, Атырау облысы.

«Әлеуметтік тиімді жоба» – Асмяткин Антон, Қостанай облысы.

«Ізденімпаз» – Пак Никита, Жамбыл облысы.

«Дарын»– Төлебаева Мадина, Маңғыстау облысы.

«Жаңашыл жоба»– Нұрбол Ернұр, Атырау облысы.

«Көшбасшы»– Құдыреталы Алишер, Жамбыл облысы.

«Жас өнертапқыш»– Забих Мади, Ақтөбе облысы.

«Ең тапқыр ой»– Кошкимбаева Жания, Алматы қаласы

«Үздік жоба» – Талғаров Арсен, Атырау облысы.

«Топжарған»– Муханбетов Данияр, БҚО.

Байқауға қатысқан барлық дарынды жеткіншектерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, жеңімпаздарды дайындаған жетекші ұстаздар да Алғыс хаттармен марапатталды.

Шара соңында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер сөз алып, жас өнертапқыштардың жұмыстарының нәтижелеріне баға беріп, олардан жоғары деңгейлі маман шығатындығына сенімін білдірді.

Айсұлу ШЕЛЕКЕН

Сурет ғаламтордан алынды

Алматы облысы