67 ЖАСТА: БҮГІН - АМАНДЫҚ БАТАЛОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

Уақыты: 22.11.2019
Оқылды: 1488
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін, яғни, 22 қараша - Алматы облысы әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ туған күні. Бұл жайында өзінің жеке "Facebook" парақшасында да көрсетіліп тұр. Сондай-ақ, облыс әкімінің баспасөз қызметі де туған күні екенін растады.

Амандық Баталов десе, ең бірінші іскерлігі, қызметіндегі жауапкершілігі, ең бастысы, облыс орталығы - Талдықорған қаласын гүлдендірудегі, Қызылағаш оқиғасы кезіндегі жанкешті жұмыстары мен азаматтығы еске түсетіні анық. Ел абыройына бөленген аймақ басшысы бүгін 67 жасқа толып отыр.

Амандық Ғаббасұлы 1952 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын бітірген. Мамандығы – инженер-гидротехник.

Еңбек жолын 1975 жылы Алматы қаласындағы "Казглавселезащита" жобалау-құрастыру бюросының аға инженері болып бастап, әр жылдарда құрылыс саласында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

Кейін Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы қаласы Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.

2008 жылдың сәуірінен - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2014 жылдың 20 тамызынан бастап – Алматы облысының әкімі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"