ТАЛДЫҚОРҒАН: БАССЕЙН ҚҰРЫЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

Уақыты: 22.11.2019
Оқылды: 1267
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда салынып жатқан әйгілі халықаралық жүзу бассейні аумағында өрт шықты. Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

21 қараша күні, таңғы сағат 8:16-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Талдықорған қаласы, Жансүгіров және Балапанов көшесінің қиылысындағы құрылыс аумағында жеке тұрған, жұмысшыларға арналған жатақхана бөлмесін өрт шалғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Бірінші өрт жасағы шақырылған орынға 4 минут ішінде келді. Алайда бөлме толықтай өрт құшағында қалды. Өрт сағат 8:31-де оқшауланып, сағат тілі 8-ден 53 минут өткенде толықтай сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің 35 өрт сөндірушісі мен 8 техника жұмылдырылды. Өрттің аумағы 16 шаршы метрді құрады.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр құрылғысының қысқа тұйықталуынан шыққан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы