"БАЛАЛЫ ӘЙЕЛДЕР ЛИФТПЕН КӨТЕРІЛЕДІ": ШАМАЛҒАНДА КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 02.12.2019
Оқылды: 812
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Шамалғандағы теміржол үстімен салынатын көпірдің құрылысы басталды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша көпір өткелін жобалау жұмыстары бүгінде аяқталып, қарқынды құрылыс басталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді. Жаяу жүргіншілер көпірі қазіргі автомобиль өткеліне жақын жерде орналасады, себебі, ұзақ жыл бойы адамдар дәл осы жермен жолдың арғы бетіне өтіп үйренген.

Жұмыстар "Tensar" компаниясының технологиясы бойынша жүргізіліп жатыр. Жаңа көпір жобасында мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балалары, қоларбасы бар аналардың қозғалуына ыңғайлы болуы үшін екі жағынан лифт орнату мәселесі ескерілген.

Құрылыс жұмыстары келесі жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы