ӘЛ-ФАРАБИ-1150, АБАЙ-175: ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 15.01.2020
Оқылды: 3102
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әдебиеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» атты байқау жариялайды. Байқау шеңберінде Шығыстың ғұлама ойшылы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 және адамзаттық құндылықтардың аққайнарына айналған әлемдік әдебиеттің жарқын тұлғасы, данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай арнайы «Әл-Фараби», «Абай» жүлделері тағайындалады.

Байқауды өткізудің мақсаты:

- Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

- Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын кеңінен насихаттау;

- мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

- жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу;

- қазақ руханиятының дамуына ықпал ету.

Байқауды ұйымдастыру тәртібі:

Байқаудың ұйымдастырушысы – Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы.

Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.

Байқаудың шарттары:

а)Поэзия бәйгесі:

1) «Тіл – ғұмыр» тақырыбына бір өлең;

2) Еркін тақырыпқа бір өлең.

ә)Проза бәйгесі: «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мақсат-міндеттермен үндесетін, туған жер, Отан тарихы, патриотизм, тілдің мәртебесін арттыру, ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік, береке-бірлікті насихаттауға арналған шығарма.

«Әл-Фараби» және «Абай» арнайы жүлдесі үшін:

Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығына арналған эссе немесе зерттеу мақаласы;

Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған эссе немесе зерттеу мақаласын ұсынуы шарт.

Әр автордың шығармасы компьютерге Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және поэзия 10 беттен, проза 25 беттен аспауы, «Әл-Фараби» және «Абай» арнайы жүлдесіне ұсынылған шығарма 10 бет көлемінде болуы шарт.

Байқауға 20-40 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады.

Шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі.

Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық және басқа) әзірленген шығармалар қабылданады.

Шығармалар 2020 жылғы 20 қаңтардан бастап, 10 сәуірге дейін қабылданады. Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды мекенжайы, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) басқармаға ұсынылады.

Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны басқарманың ресми сайтында жарияланады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сәуір айында жас әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» ІІІ облыстық форумында өткізіледі (уақыты қосымша хабарланады).

Байқаудың І орын иегеріне «Ақ қауырсын» атты Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесі табыс етіледі. Сондай-ақ, «Әл-Фараби» және «Абай» арнайы жүлделері табысталады. Жүлделі орын иелері арнайы дипломдармен, Алғыс хаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады. Байқауға 2018, 2019 жылғы байқаудың «Ақ қауырсын» жүлдегерлері қатыстырылмайды.

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 20-кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-60, факс: 30-59-50, e-mail: asemake@mail.ru.

 

Аты-жөні

Туған

күні,

айы,

жылы

Жұмыс

немесе

оқу орны,

лауазымы

Шығарма

атауы

(проза,

поэзия)

Эл.пошта

Байланыс

телефоны

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды