БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫ: БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІҢ ТІЗГІНІН ҰСТАДЫ

Уақыты: 13.02.2020
Оқылды: 1238
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Белгілі журналист Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ Бас редакторлар клубының президенті болып қайта сайланды.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру-сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамы ауысты. Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі, белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексенбай кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ерлан Бекхожин президенттіктен ұйымның жарғысына сәйкес, өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына байланысты босатылды. Сондай-ақ, Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады.

Олардың ішінде «Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы Вячеслав Пащенко, «Sport»-«Спорт» республикалық газетінің бас редакторы Дүйсебай Дүрәлі, «Sakhara» республикалық қоғамдық-саяси газеті бас редакторының бірінші орынбасары Кенжеболат Жолдыбай, белгілі блогер Ғалым Байтұқ бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"