АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ ДА АУЫС-ТҮЙІС БОЛДЫ

Уақыты: 19.02.2020
Оқылды: 1447
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Темірлан Амангелдіұлы Бектасов облыстың еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы болып тағайындалды. Жаңа жетекшіні ұжымға облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов таныстырды.

Темірлан Амангелдіұлы Бектасов 1969 жылы дүниеге келген. Алматы гидромелиоративтік техникумын техник-гидротехник, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылыс инженері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Строитель» кооперативінің техникалық бақылау инженері болып бастады. Әр жылдары «Қарасай аудандық өндірістік-жобалау архитектуралық-бейнелеу бюросы» МҚК I дәрежелі технигі, II дәрежелі инженері, Қаскелең қаласы бойынша сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі, «Қарасай ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ «Сәулет» МКК директорының орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Панфилов ауданының және Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып қызмет атқарған. 2019 жылдың қыркүйегінен Алматы облысы әкімдігі аппарат басшысы лауазымында болды.

Жиын соңында Лаззат Махатұлы жаңа басшының жұмысына сәттілік, табыс тіледі.

Еңлік ҚАБДЕШ

Алматы облысы