"ШЕТЕЛГЕ ШЫҚПАҒАН": КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ ЖАҢА МӘЛІМЕТ

Уақыты: 27.03.2020
Оқылды: 825
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда 64 жастағы әйелдің коронавирустан көз жұмғанына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы көрсетті.

Әйелдің өліміне коронавирус инфекциясынан бөлек, екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті салдарынан болған сепсис, гипертония және атеросклероз себеп болған.

- Науқас медициналық мекемеге 25 наурыз күні, сағат таңғы 07:00-де ауыр жағдайда жеткізілген. Онда тыныс алу жеткіліксіздігі, интоксикация синдромы, сонымен қатар жүретін патологиялар болған. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен ЖРВИ-ге алдын-ала төтенше хабарлама берілген. Ол №2 көпсалалы облыстық аурухананың оқшауланған бөлмесіне жатқызылған. Туыстарының айтуынша, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы қаласында және Шуда қонақта болған, - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сүлен Ілиясов.

Оның айтуынша, науқаспен байланыста болған адамдар оқшауланып, олардан коронавирус сынамалары алынды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар жүргізілуде. Басқарма басшысы коронавирустан көз жұмған әйелдің жақындарына көңіл айтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды