ЖУРНАЛИСТЕР ДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ: МИНИСТР МӘЛІМДЕМЕСІ

Уақыты: 27.03.2020
Оқылды: 803
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ журналистерге үндеу жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

- Бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына айтарымыз, қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс жасауға жіберу қажет. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистерде өздерімен бірге қызметтік куәлігі және редакциялық тапсырма анықтамасы болуы керек. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады, - деді министр. Сондай-ақ ол қазақстандықтар басқа да ауру белгілеріне байланысты дәрігерге қарала алатынын да жеткізді. "Дәрігерге көрінуі керек азаматтар ауруханаға бара алады. Бұл дәлелді себеп болып саналады", - деді Дәурен Абаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"