ШҰҒЫЛ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 28.03.2020
Оқылды: 1120
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында короновирус жұқтырған тағы үш жағдай тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жағдай Қарасай ауданынан бөлек, облыстың көршілес екі ауданында тіркелді. Біріншісі - 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған. Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды. Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан "Ие Чоу-Алматы" рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған әйел жүктіліктің 21-22 аптасында.

Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда. Атап өтсек, облыс əкімі Амандық Баталов індет анықталған аудандардың əкімдеріне дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды. Айта кетейік, осымен Алматы облысында қауіпті індетті жұқтырғандар саны төртке жетті. Мұның алдында Меккеден келген бір адамнан коронавирус белгісі анықталып, Қаскелеңнің ауруханасына жатқызылған болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"