КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ ҮЙІНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 28.03.2020
Оқылды: 866
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында коронавирус жұқтырған адамдар тұратын тұрғын үйлерге дезинфекция жасалуда.

«Алматы облысында анықталған бүгінгі үш дерек бойынша, науқастардың тұрғылықты жерлері - Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылында, Іле ауданы, Көкқайнар ауылында, Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салсақ, Алматы облысында қазіргі жағдайда коронавирустың 4 жағдайы тіркелген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"