АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ҮЙДІҢ ПОДЪЕЗІ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 29.03.2020
Оқылды: 794
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында коронавирус анықталған "Асыл Арман" тұрғын үй кешені толығымен карантинге жабылған жоқ. Тек 6-ншы үйдің 4-нші кіреберісі ғана карантин режиміне енгізілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарасай ауданының бас санитар дәрігері Нұрлан Олжабаевтың №2 Қаулысына сәйкес, бұл кіреберіс тұрғындарына үйден шығуға тыйым салынған. Бұдан бөлек, сырттан тек дезинфициялау үшін ғана адамдар кіре алады. Кіреберіске полиция кезекшілігі орналастырылып, тәртіп күшейтілді. 29 наурыз күні қосымша дезинфекция жүргізілді.

Карантин тек бір ғана кіреберіске (подъезд) қойылды. Қалған тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды