ДУБАЙДАН ТАЛДЫҚОРҒАНҒА 168 ЖОЛАУШЫСЫ БАР ТАҒЫ БІР ҰШАҚ КЕЛІП ҚОНДЫ

Уақыты: 01.05.2020
Оқылды: 822
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Дубай қаласынан Талдықорған әуежайына тағы 168 адам ұшып келді. Олар Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне екі күнге карантинге жатқызылды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оларға демалыс орнының аумағынан тыс жерге шығуға қатаң тыйым салынған. Карантин кезінде олар барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Олардың сыртқа шықпауын арнайы күзет бақылайды.

Жолаушылардан облысқа келген бетте COVID-19 инфекциясына анализдер алынып, эпидемиологиялық тексерулер жасалды. Кейін жолаушылар тексеру нәтижелеріне сәйкес арнайы автобустармен тұрғылықты мекенжайы бойынша үйлеріне қайтарылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы