АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНЕ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 06.05.2020
Оқылды: 1127
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Алматы облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды. Жаңа лауазымға "Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаев лайық деп танылды.

Аталған жобалық кеңсе өңірдегі жемқорлықты жою, жең ұшынан жалғасқан бармақ басты, көз қысты әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

"Жетісу - адалдық алаңының" негізгі бағыты - мемлекеттік қызмет көрсету, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру, Алматы облысының мемлекеттік органдарына деген халық сенімін арттыру.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісіне ешқандай жалақы төленбейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"