АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 13 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 07.05.2020
Оқылды: 670
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында коронавирустың тағы 13 жағдайы тіркелді. Олардың 7-еуі – Кеген ауданының, 5-еуі – Іле ауданының, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны.

Олар Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандық орталық ауруханаларының инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды. Індет ошақтары дезинфекцияланды. Науқастармен байланыста болған 12 адам да медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасады.

Жалпы, Алматы облысында 7 мамыр, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 176-ға жетті, жазылғандар – 40 адам.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды