ЖЕҢІСКЕ - 75 ЖЫЛ: СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ СЫЙ-СИЯПАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Уақыты: 08.05.2020
Оқылды: 977
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков өңірде тұратын соғыс ардагерлерін құттықтады.

Отанын қорғауда қайсарлық пен өр ерлік көрсеткен қапшағайлық майдангерлер Гуляев Виктор Павлович, Максимов Александр Дмитриевич және Бетебаева Оксана Демидовналар зұлмат соғысты бастарынан өткерген бүгінде көзі тірі куәгерлер. Осы қаһармандарымыздың арқасында азаттыққа қол жеткізіп, бейбітшілік таңын көріп отырғанымыз жасырын емес.

Өз кезегінде Талғат Қанатұлы: «Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күнде жеріміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Соғыстан кейінгі қандай шаруаға болса да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Жеңіс үшін, өшпейтін ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар. Отбасыларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, ұзақ ғұмыр және жақындарыңыздың ортасында бақытты өмір сүрулеріңізге тілектеспін», - деп өзінің ақ жарма лебізін білдірді.

Айта кету керек, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жүрекжарды тілектерін жеткізген Талғат Қанатұлы ардагерлерге бағалы әрі қаржылай сыйлық табыстады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"