ЖЕҢІСКЕ - 75 ЖЫЛ: СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТҮНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Уақыты: 08.05.2020
Оқылды: 912
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Биыл Жеңіске - 75 жыл. Осыған орай Талдықорған қаласында соғыс ардагерлеріне арналған ерекше құрмет көрсетілді. Қызықты шара күн ұясына батып, түн қараңғылығы енгенде жасалды.

9 мамыр - айтулы мерекеге орай студенттер жатақханасының терезесінен жарық шамдар жағылып, Жеңіс күнін білдіретін бірнеше жазу шықты. Мұндағы мақсат - әлем тарихында өшпес ерлігімен мәңгілікке есте қалған соғыс ардагерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін алғыс білдіру. Талдықорған қаласындағы студенттерге арналған жаңа ғимаратта жарық шамдармен "75", "9" және "МАЙ" жазулары жазылды. Сондай-ақ, облыстағы полиция көліктері арнайы шамдарын қосып, "9 МАЙ" деген жазудың нобайын жасады.

Өкінішке қарай, екі шарада да әріптердің көптігіне байланысты техникалық мүмкіндік жетпеді ме, әлде басқа да себептер болды ма, мемлекеттік тіл ескерілмей қалды. Әлеуметтік желілерде бұл бойынша пікірлер де жазылды. "Мамыр деп жазуға көлік жетпей қалған ба?" - деді желі қолданушысының бірі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"