"ҰШЫП ЖҮРДІ": ТАЛДЫҚОРҒАН АСПАНЫНДА ЖЕҢІС ТУРАЛЫ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ

Уақыты: 10.05.2020
Оқылды: 990
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласында Жеңіс күнінің құрметіне әуе шары ұшырылып, соғыс жылдарына арналған әндер шырқалды. Қала тұрғындары төбеде қалықтаған шардан "Жеңіске - 75 жыл" деген жазуды көрді. Сондай-ақ, шар астында жергілікті өнерпаз Нұржан Ахметбектің Жеңіс туралы шырқаған әнін тамашалады.

Үлкен әуе шары Талдықорған қаласында күні бойы ұшып жүрді. Әуе шарында әуезді әндер үзіліссіз орындалып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жаңа идеяның авторы - Жетісу жастары. Олар тұрғындарды әуеден құттықтап болған соң соғыс ардагерлерінің үйіне барып, бейбіт заман үшін алғыстарын жеткізіп, сыйлықтар табыс етті.

Айта кетейік, қазір Талдықорған қаласында 10 соғыс ардагері тұрады. Олар: көпшілікке паровоз апа деп танылған Алтынай Есболатова, Қанапия Әлімбаев, Қылышқан Садықов, Ысқақ Құсаинов, Төлеубай Шектібаев, Михаил Баранов, Николай Богданов, Ғайыс Егембердиев, Сәрсенбай Қаңтарбай және Николай Кононенко.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан