РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН 102 СТУДЕНТ ҚАПШАҒАЙҒА КАРАНТИНГЕ ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Уақыты: 11.05.2020
Оқылды: 801
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын 102 студент Томск қаласы арқылы Алматы әуежайына қонды. Олар - Алматы облысының тұрғындары.

Елге оралған студенттер 2 автобуспен Қапшағай маңындағы демалыс орнына жеткізіліп, орналастырылды. Олар екі күн карантинде болады. Оларға демалыс орны аумағынан сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Студенттер бірінші кезектегі қажетті заттармен толық қамтамасыз етілген.

Бұл орында карантин талаптары мен санитарлық-дезинфекциялық шаралардың қатаң сақталуын тиісті сала мамандары бақылайды. Демалыс орнына кіреберісте полиция посты орнатылған. Студенттердің барлығы КВИ-ге тест тапсырды. Қорытындысы шыққаннан кейін Алматы облысы әкімдігі оларды тұрғылықты жерлеріне жеткізу ісін ұйымдастыратын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"