ТЕКЕЛІДЕ 19 ЖАСАР ЖІГІТ ЕШКІМ ТӘУЕКЕЛ ЕТЕ АЛМАЙТЫН ЕРЛІК ЖАСАДЫ

Уақыты: 12.05.2020
Оқылды: 1779
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Текелідегі Қора өзеніне байқаусызда құлап, ағып бара жатқан үш жасар бала құтқарылды.

2017 жылы 4 ақпанда туған Сағат Ниса Ақылсерікқызының қазір денсаулығы қалыпты.

Ағысы асау Қора өзенінің бұлқынысынан сәбиді жергілікті тұрғын Дәурен Жарқынбеков алып шықты. Ерік пен ерлік - егіз. "Ерлік - білекте емес, жүректе" дегендей, су жағасында досымен отырған Дәурен ағып бара жатқан сәбиді көргенде, өзенге жанұшыра секіріп түсіп, асау толқынмен арпалысып, Нисаны алып шыққан. Небәрі 19 жастағы Дәурен Жарқынбеков - нағыз елжандылық танытқан ер десек жарасады.

Балаға - жаңаша ғұмыр, ата-анаға - қуаныш сыйлаған Дәуреннің ерлігі - баршаға үлгі. Жаңалықты естіген жұрт ел мақтанар ер көп болсын десіп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"